1414 нөмірінен келетін SMS кодтары енді қосымша аутентификациясыз пайдаланылмайды
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Бас прокуратураның үйлестіруімен қазақстандықтарды телефон алаяқтарының әрекеттерінен қорғауды күшейту бойынша шаралар қабылдауда.
Бұған дейін бірқатар мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен сервистерге кіру бір реттік код арқылы ғана жүргізілді. Салдарынан алаяқтар айласын асырды, «жәбірленушінің» телефон нөмірін енгізіп, 1414 нөмірі арқылы SMS-хабарлама жіберіп отырды.
Осыған байланысты ақпараттық жүйелердің иелеріне 1414 нөмірінен SMS жіберу тетігін қолдану үшін қолжетімділік талаптарын күшейту тапсырылды.
Енді 1414 SMS-шлюзін пайдаланатын ақпараттық жүйелерге кіру қосымша қорғалады және тек биометриялық аутентификация (FaceID), электрондық цифрлық қолтаңба немесе арнайы QR-код (eGov QR) арқылы ғана мүмкін болады.
Осы жылдың желтоқсан айынан бастап жоғарыда көрсетілген міндетті талаптарды енгізбеген ақпараттық жүйелер 1414 SMS-шлюзін пайдалану қызметінен ажыратылады.
ЖИЦДМ барлық мемлекеттік органдармен бірлесіп, алаяқтыққа қарсы күрес және қазақстандықтардың жеке деректерін қорғау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
Азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында eGov Mobile мобильді қосымшасында күдік туғызатын әрекеттерді анықтау, кибергигиена талаптарын сақтау және цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалану жөніндегі ұсыныстары бар ақпараттық баннерлер орналастырылды.
Қабылданып жатқан барлық шаралар «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету аясында жүзеге асырылып, құқықтық тәртіпті нығайтуға және мемлекеттік цифрлық сервистерге азаматтардың сенімін арттыруға бағытталған.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.