Следите за новостями

Цифра дня

132 млрд тг. — объем медиарынка РК, исторический максимум

    Career Enbek платформасында Білім беру бағдарламаларының тізілімі іске қосылды

    Осылайша тізілім «Кәсіптік біліктіліктер туралы» заң аясында әзірленіп, кадрлар даярлаудың заманауи инфрақұрылымын қалыптастырудың маңызды элементіне аналады.

    11 декабря 2025 11:12, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасы Career Enbek базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары туралы ақпаратты қамтитын Білім беру бағдарламаларының тізілімі (бұдан әрі — Тізілім) іске қосылды.

    Тізілім — деректердің ашықтығын, салыстырмалылығын және өзектілігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ білім беру жүйесі мен кәсіптік талаптардың өзара байланысын нығайтудың маңызды тетігі болып табылатын құрал. Ол кадрлар даярлау сапасын арттыруға және Ұлттық біліктілік жүйесін одан әрі дамытуға ықпал етеді.

    Тізілім білім беру бағдарламаларындағы және оларды әзірлеудің негізі болып саналатын кәсіптік стандарттардағы өзгерістерді жүйелі түрде мониторингілеуге мүмкіндік береді. Бұл құрал білім беру ұйымдарының еңбек нарығының талаптарына сәйкес бағдарламалар мазмұнын қаншалықты жедел жаңартып отырғанын, сондай-ақ кәсіби стандарттардың практикада қалай қолданылып жатқанын бақылауға жол ашады.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.