Ұлттық ұланның әскери тәрбиешілері бірегей мобильді қосымшаны тестілеуде
Жаңа құралды тәжірибеден өткізу мақсатында рота командирлерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларына салтанатты түрде планшеттер табысталды.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5513 әскери бөлімінің базасында әскери тәрбиешілерге арналған «Тәрбиеші PRO» мобильді қосымшасы сынақтан өтуде. Бұл цифрлық өнім уақыт пен ресурсты айтарлықтай үнемдеуге, сондай-ақ Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабековтің цифрлық технологияларды құқықтық тәртіп әскерлерінің жауынгерлік қызметіне енгізу жөніндегі тапсырмаларын жүйелі түрде орындауға бағытталған.
Жаңа құралды тәжірибеден өткізу мақсатында рота командирлерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларына салтанатты түрде планшеттер табысталды. Дәл осы санаттағы әскери қызметшілер күн сайын сабақ жоспары, конспектілер дайындауға және оқу материалдарын іздеуге көп уақыт жұмсайды.
Мобильді қосымша тәрбие және оқу жұмыстарының барлық үдерістерін жеңілдетіп, бір цифрлық кеңістікте қажетті материалдарға жылдам әрі оңай қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Осы саланың мамандары әзірлеген барлық ақпарат біркелкі форматта ұсынады. Бұл сапа мен озық тәсілді сақтай отырып, мерзімді әскери қызметшілерді оқытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қосымшаны пайдалану қағазбастылықты шамамен 70 пайызға дейін қысқартады.
Командирлердің ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасарлары мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарында инновациялық құралды офицерлер, келісім шарт бойынша әскери қызметшілер және мерзімді әскери қызметшілермен жұмыс барысында белсенді қолдана бастады.
Ал Ұлттық ұланның түрлі санаттағы әскери қызметшілері үшін қосымша қызметтен тыс уақытта мемлекеттік-құқықтық дайындық тақырыптарын өз бетінше оқуға және конспект жасауға, жедел түрде құқықтық онлайн-кеңестер алуға, сондай-ақ Ұлттық ұландағы қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттармен танысуға мүмкіндік береді.
Push-хабарламасы бар қосымшаның ыңғайлы интерфейсі екі тілде әзірленіп, планшет пен смартфонға бірдей бейімделген. Сондай-ақ конспектілер, слайдтар мен бейнематериалдарды портативті проекторлар мен Smart TV-де көрсету функциясы оқу үдерісін көрнекі әрі заманауи етеді.
«Тәрбиеші PRO» мобильді қосымшасы — тәрбие жұмысын цифрландыру бағытындағы маңызды қадам. Бұл қосымшада қолайлылық, тиімділік пен бақылаудың мүмкіндіктері бірыңғай цифрлық форматқа біріктірілген. Пилоттық жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда, бұл тәжірибе Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдеріне таратылатын болады.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.