Қызылорда облысында «Әкімнің цифрлық жұмыс орны» атты пилоттық жоба енгізілуде

Әкімнің цифрлық жұмыс орны» жүйесі әлеуметтік-демографиялық өзекті деректер мен әрбір үй шаруашылығына қатысты ақпаратқа нақты уақыт режимінде қол жеткізуге мүмкіндік береді.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев «Әкімнің цифрлық жұмыс орны» пилоттық жобасының жүзеге асырылуымен танысты. Аталған жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан іске қосылған, деп хабарлайды Primeminister.kz.

«Әкімнің цифрлық жұмыс орны» жүйесі әлеуметтік-демографиялық өзекті деректер мен әрбір үй шаруашылығына қатысты ақпаратқа нақты уақыт режимінде қол жеткізуге мүмкіндік береді. Платформа әкімдерге біріктірілген деректер негізінде жедел басқарушылық шешімдер қабылдауға жол ашады, ақпараттың шашыраңқылығын азайтып, әкімшілік жүктемені төмендетеді.

Бүгінде жоба ел бойынша 34-тен астам ауылдық округте іске қосылып, әлеуметтік қолдау шараларының нақтылығын арттыруға, ашықтықты күшейтуге және қолмен жинақталатын есептерден аналитикалық басқару форматына көшуге мүмкіндік беріп отыр. Модуль «Цифрлық отбасы картасы» инфрақұрылымы негізінде жасалған және 30-дан астам мемлекеттік ақпараттық жүйемен ықпалдастырылған. Бұл әкімдерге халық, үй шаруашылықтары, қолдау шаралары, табыс, тұрғын үй және әлеуметтік осал топтар бойынша бірыңғай және нақты деректер көзіне қол жеткізуге жағдай жасайды.

Алдағы кезеңде жүйе жаңа мәліметтік блоктармен толықтырылмақ. Олардың қатарында салық деректері, субсидиялар мен әскери есепке алынғандар туралы ақпарат бар. Қазақстандағы барлық ауылдық округтерді жүйеге қосу 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.