Атырау өңіріндегі 43 ауылға талшықты-оптикалық интернет желісі тартылып жатыр

Цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстарда оң нәтиже бар.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Интернетпен қамту деңгейі 99,7%-ға жетіп, 14 шалғай орналасқан елді мекен интернетке қосылды. 155 5G базалық станция орнатылып, 43 ауылға талшықты-оптикалық интернет желісі тартылуда. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында 15 мыңға жуық камера Жедел басқару орталығына қосылды. Оның 100-ден астамы жасанды интеллектімен жұмыс істейді. Нәтижесінде құқық бұзушылыққа жол берген 221 адам анықталып, шаралар қабылданды. Білім беру саласында енгізілген «Alaqan» жүйесі облыстағы 179 мектепте толық іске қосылып, бюджеттен 725 млн теңге үнемделді.

Атырау өңірі үшін ең маңызды мәселелердің бірі — экология. 2024 жылдың алғашқы 6 айымен салыстырғанда, биылғы 6 айда атмосфераға зиянды заттарды шығару көлемі 5 тоннаға дейін азайды.

«Экологиялық заңнаманы бұзған 139 субъектіге жалпы 2,3 трлн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Кешенді жоспар аясында 164 гектар жерге 476 мың ағаш, өңірлік жоспар аясында 69 гектарға 145 мың ағаш отырғызылды», — деді спикер.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.