Электронды платформалар тұтынушылар құқықтарын қорғауға қатысты жаңа ережелерді сақтауға міндеттеледі
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында бірқатар жаңашылдықты қамтитын жаңа «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасы әзірленді.
Электронды сауда платформалары ішкі ережелерді бекітіп, сатушылардың тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнаманың сақтауын қамтамасыз ететін шарттар жасауға міндеттеледі. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ішкі сауданы дамыту департаментінің директоры Ансар Оразалиев айтып өтті.
Спикердің хабарлауынша, бұл ережелер тауар туралы шынайы ақпарат, кепілдіктер, жеткізу, қайтару рәсімдері және өнім қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қамтиды. Платформалар тұтынушылардың өтініштерін қабылдайтын сервисті қамтамасыз етіп, расталған бұзушылықтар анықталған жағдайда сатушыларға шара қолдануға тиіс.
Сонымен қатар платформалар сатылымдар мен жарнамаға қатысты деректерді бір жыл бойы сақтап, пайдаланушыларды техникалық ақаулар туралы хабардар етуге міндетті.
«Қабылданған жаңа Салық кодексі аясында электронды сауда қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Атап айтқанда, интернет-платформа иелерінің мемлекеттік кірістер органдарына сатылған тауарлар, көрсетілген қызметтер және жеке тұлғаларға жасалған төлемдер туралы мәлімет беру қағидалары бекітілді. Бұл қағидалар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді», — деп түсіндірді спикер.
Оразалиевтің айтуынша, қараша айында «Сәйкестікті бағалау органдары мен уәкілетті өндірушінің өзара әрекеттесуіне арналған адал тәжірибе жөніндегі нұсқаулық» атты ұлттық стандарт қабылданды. Стандарт өзара әрекеттесудің барлық кезеңінде сәйкестікті бағалау органдары мен уәкілетті өндіруші арасындағы адал өзара іс-қимылдың жалпы талаптарын, сондай-ақ сәйкестікті бағалау кезінде құжаттамаға қойылатын талаптарды белгілейді.
Бұдан бөлек, Әділет министрлігі зияткерлік меншік нысандарын қорғаудың жаңа құқықтық тетіктерін және тауар белгілері мен фирмалық атауларды заңсыз пайдаланғаны үшін санкцияларды қатаңдатуды көздейтін түзетулер бойынша нақтылау жұмыстарын жүргізуде.
Мәдениет министрлігі маркетплейстердегі контентті тыйым салынған тауарлардың бар-жоғына қатысты талдау жүргізіп жатыр.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Security Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Security Day 2026, посвященной информационной безопасности в Казахстане.
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.