Жаңа хабарландыру сервисі: азаматтар мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі туралы алдын ала біле алады
Сервис ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік деректер базаларының техникалық жай-күйін автоматты түрде көрсетіп отырады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі ағымдағы жағдай мен жоспарлы профилактикалық жұмыстар жөнінде жедел ақпарат беретін жаңа сервисті іске қосты. Енді азаматтарға жекелеген қызметтердің уақытша қолжетімсіз болу себептерін білу үшін ХҚКО қызметкерлеріне жүгінудің қажеті жоқ. Қажетті мәліметтің барлығы «ЦОН» мобильді қосымшасында, мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында және халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы электронды таблоларда көрсетіледі.
Сервис ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік деректер базаларының техникалық жай-күйін автоматты түрде көрсетіп отырады. Осылайша азаматтар мемлекеттік қызметтердің мәртебесі туралы сенімді әрі өзекті мәліметті уақытылы алып, ХҚКО немесе МХҚКО-ға бару уақытын алдын ала жоспарлай алады.
«ХҚКО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесі — азаматтардың өтініштерін қабылдап, мемлекеттік органдардың деректер базаларымен ақпарат алмасуды жүзеге асыратын негізгі арна. Жаңа сервис осы базалар арқылы көрсетілетін қызметтердің уақытша қолжетімсіздігін алдын ала біліп, ХҚКО-ға баруды соған қарай жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл — цифрлық ашықтықты арттыруға, айқындықты күшейтуге және мемлекет пен азамат арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған тағы бір қадам», — деді Арман Кенжеғалиев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы.
Жаңа сервис Қазақстан азаматтарына мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған ашық, сенімді әрі қолайлы цифрлық шешімдерді дамытудың келесі кезеңі болды.
Айта кетейік, сервис «ЦОН» мобильді қосымшасында (App Store/Google Play) ЖСН мен телефон нөмірі арқылы авторизациядан кейін қолжетімді.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.