Следите за новостями

Цифра дня

250 МВт составит мощность новой ветровой электростанци близ Атырау

    Қазақстан білім беру жүйесіне ЖИ интеграциясының ұлттық моделін жасауда

    Қазақстан білім беру жүйесіне ЖИ интеграциясының ұлттық моделін жасауда.

    24 ноября 2025 12:04, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Қазақстанда білім беру саласында жасанды интеллектіні этикалық және қауіпсіз қолдану бойынша жүйелі жұмыс басталды. Бұл мақсатта мектептерде ЖИ-ді қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленуде. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ЖИ-ді табысты енгізу үшін үш негізгі фактор маңызды: ұстаздардың жоғары біліктілігі, қатаң этикалық стандарттар және қоғамның технологияларға деген сенімі.

    «Қазақстан білім беру жүйесіне ЖИ интеграциясының ұлттық моделін жасауда. Ол этикалық, қауіпсіз, педагогикалық негізделген және оқушылар мен ұстаздардың әлеуетін барынша ашуға бағытталған. Негізгі мақсат — жаңа технологияларды саналы түрде қолдану, адамның рөлін сақтау және барлық процестердің ашықтығын қамтамасыз ету», — дейді Орта білім комитеті төрағасының орынбасары Зейнеп Мақсұтова.

    Ұлттық модельді әзірлеуде Эстония, Оңтүстік Корея, АҚШ секілді елдердің тәжірибелері зерделеніп, халықаралық беделді ұйымдардың ұсынымдары ескерілді.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.