Бас көлік прокуратурасы Egov платформада жаңа сервисті енгізді
Egov Mobile қосымшасының басты бетіне арнайы интерактивті бөлім орналастырылған.
Бас көлік прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында жаңа цифрлық профилактика форматын іске қосты. Енді қазақстандықтар әртүрлі құқықбұзушылықтар туралы — алаяқтықтан бастап есірткі айналымына және өзге де қылмыстық схемаларға дейін — жедел алдын алу ақпаратын Egov Mobile қосымшасының арқылы ала алады.
Egov Mobile қосымшасының басты бетіне арнайы интерактивті бөлім орналастырылған. Осы бөлімге өткен пайдаланушылар прокуратура органдарының ресми сайтына бағытталады. Онда түсіндірме материалдар, кең тараған қылмыстық схемалардан қорғану бойынша ұсынымдар, сондай-ақ қылмыстық жауаптылық туралы мәліметтер жарияланған. Ақпараттың берілу форматы оны барынша қолжетімді әрі түсінікті етуге бағытталған.
Цифрлық шешімдер профилактиканы жаңғырту бойынша жүйелі жұмыс аясында жүзеге асырылып, Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» бастамасымен үйлесімде орындалуда. Басты мақсат — халықтың хабардарлығын арттыру, құқықбұзушылықтардың алдын алу және өзекті ескертулерді жедел түрде кең аудиторияға жеткізу.
Профилактикалық сервис тәулік бойы жұмыс істейді, ал жаңартулар мен ескертулер пайдаланушыларға тұрғылықты өңіріне қарамастан қолжетімді.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.