Следите за новостями

Цифра дня

Более 1 трлн тг. — объем оказанных услуг связи в РК в январе-сентябре 2025 г.

    Қазақстандық оқушылар KhIMIO2025 халықаралық олимпиадасында 100 пайыз нәтиже көрсетті

    Қатысушылар математика мен информатика пәндері бойынша теориялық және практикалық турларда білімдерін сынады.

    11 ноября 2025 09:33, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбеде 5-9 қараша аралығында өткен KhIMIO2025 халықаралық математика және информатика олимпиадасында қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына сегіз медаль салды. Байқауға 10 мемлекеттен дарынды оқушылар қатысты.

    Қазақстан құрамасы екі жас санатында 14-15 жас (7-8 сынып) және 16-18 жас (9-11 сынып) аралығындағы оқушылардан құралды. Нәтижесінде қазақстандықтар жүз пайыздық көрсеткішке қол жеткізді. Қатысушылар математика мен информатика пәндері бойынша теориялық және практикалық турларда білімдерін сынады.

    Қазақстан құрамасының олимпиадаға қатысуы Оқу-ағарту министрлігінің тікелей қолдауымен, сондай-ақ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.