Следите за новостями

Цифра дня

87 терабайт исторических данных перенесли в Smart Data Finance

    Қазақстандық студент Қытайда өткен BRICS чемпионатында қола медаль иегері атанды

    Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенті Габбас Сағыныш әлемдік деңгейдегі додада ІІІ орын иеленіп, қола медаль жеңіп алды.

    10 ноября 2025 10:05, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Қытай Халық Республикасында өткен BRICS National Vocational Skills Championships халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында «Деректерді талдау және визуализация» құзыреттілігі бойынша қазақстандық студент жоғары нәтиже көрсетті.

    Аталған халықаралық чемпионатқа Қытай, Ресей, Үндістан секілді 9 елден барлығы 137 команда қатысқан.

    Халықаралық жарыстың қорытындысы бойынша чемпионаттың штаб-пәтері Маңғыстау энергетикалық колледжін «Болашақ технологиялар мен дағдылар» атты халықаралық конференцияға қатысуға шақырды. Сонымен қатар, тараптар «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды жоспарлауда.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.