Следите за новостями

Цифра дня

$881 млн достиг экспорт IT-услуг РК

    Қазақстан мен АҚШ цифрлық инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

    Alatau City Bank иесі Вячеслав Ким мен DDH (North America) Inc. компаниясы ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен құны 300 миллион доллар болатын өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

    10 ноября 2025 09:05, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Мақсаты — цифрлық майнинг саласындағы стратегиялық серіктестікті нығайту, энергетикалық және есептеу инфрақұрылымын жаңғырту, елде заманауи деректерді өңдеу орталықтарын құру, майнинг саласындағы ашықтық пен тиімділікті арттыру үшін инвестиция тарту.

    «Еліміз цифрлық актив саласындағы ынтымақтастықты ашық түрде жүргізеді. Қазақстандық инвестор мен америкалық майнинг компаниясы арасындағы меморандумға қол қою — халықаралық әріптестікке, технология алмасу және орнықты инвестициялық байланыстарды дамытуға деген ұстанымды көрсетеді. Бұл озық тәжірибені пайдалану, құзыреттерді күшейту және цифрлық майнинг пен жасанды интеллект салаларында бірлескен инновацияны дамыту үшін берілген мүмкіндік. Мұндай жобалар Қазақстанның жаһандық цифрлық экономикадағы сенімді және жауапты серіктес ретіндегі мәртебесін нығайтуға ықпал етеді», — деп атап өтті Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

    «Деректерді өңдеу нарығындағы әлемдегі жетекші компаниялардың бірімен меморандумға қол қою — қазақстандық бизнестің ақпараттық технология, цифрлық активті дамыту, жасанды интеллект және Қазақстан экономикасы үшін басым бағыттағы басқа да салалардағы халықаралық әріптестікті нығайтуға бағытталған. Біз бұл серіктестікті тек инвестициялық жоба ретінде ғана емес, инновацияларды жеткізу, энергетикалық және есептеу инфрақұрылы саласындағы сараптаманы арттырудың, бұлтты технологияларды және болашақтың цифрлық экономикасының басқа да ажырамас элементтеріне қатысты бірегей мүмкіндік ретінде қарастырамыз», — деп атап өтті Alatau City Bank иесі Вячеслав Ким.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.