ЖИ министрлігі мен Oracle ЖИ және «бұлтты» технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Қол қою рәсімі Вашингтонда АҚШ — Орталық Азия елдері арасындағы өңірлік ынтымақтастықты кеңейту, экономикалық және технологиялық дамуды қолдауға бағытталған C5 1 форматындағы бизнес-конференция барысында өтті.
Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Oracle компаниясы жасанды интеллект, жоғары өнімді есептеулер және «бұлтты» технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында тараптар Қазақстанда Oracle компаниясының пилоттық ЖИ-инфрақұрылымын орналастыру мүмкіндігін бағалауға және тиісті тестілеулер жүргізуге қолдау көрсету, бұлтты деректер орталықтарын кезең-кезеңімен дамыту әлеуетін зерттеу, сондай-ақ қолданбалы жасанды интеллект бойынша пилоттық жобаларды жүзеге асыру бағытында ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ ынтымақтастық аясында кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған арнайы оқу және сертификаттау бағдарламалары, бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары, Қазақстанда Oracle құзыреттер орталығын құру мәселелері қарастырылуы мүмкін. Тараптар жасанды интеллектіні дамытудағы реттеу және этикалық мәселелер бойынша диалогты жалғастыруға ниетті.
Жаслан Мәдиев, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі: «Oracle компаниясымен ынтымақтастық Қазақстанның ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымын және цифрлық экожүйесін дамытуға ықпал етеді. Бұл еліміздің цифрлық экономикасын қалыптастыру үшін берік негіз құру және технологиялық инновацияларды ілгерілету жөніндегі біздің ұстанымымызды көрсетеді».
Эллисон О’Брайен, Oracle компаниясының мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі басқарушы директоры: «Oracle Қазақстанның жасанды интеллектіге қатысты ұлттық стратегиясын іске асыруды қолдауға дайын. Біздің технологиялар мен сараптамалық тәжірибеміз цифрлық трансформацияны жеделдетуге және әртүрлі салаларда инновацияларды ынталандыруға көмектеседі».
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.