Следите за новостями

Цифра дня

87 терабайт исторических данных перенесли в Smart Data Finance

    Жасанды интеллект министрлігі мен Groq (АҚШ) есептеу инфрақұрылымын енгізу және ЖИ-шешімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

    Groq Қазақстанда технологияларды жергіліктендіруді және бірлескен жобаларды дамыту үшін инновациялық орталық немесе ресми өкілдігін ашу мүмкіндігін қарастыруда.

    7 ноября 2025 19:02, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен АҚШ-тың Groq, Inc. компаниясы озық есептеу жүйелері мен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат Қазақстанда Groq инфрақұрылымын орналастыруды, Alem.AI және Astana Hub базасында пилоттық жобаларды іске қосуды, сондай-ақ жоғары өнімді есептеулер (HPC), жасанды интеллектіні дамытуға арналған ұлттық және өңірлік бағдарламаларды қолдау үшін «бұлтты» деректер орталықтарын құруды көздейді.

    Сонымен қатар, Groq Қазақстанда технологияларды жергіліктендіруді және бірлескен жобаларды дамыту үшін инновациялық орталық немесе ресми өкілдігін ашу мүмкіндігін қарастыруда.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.