Жасанды интеллект министрлігі мен BETA Technologies Көлік саласындағы озық технологиялар жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан жаңа технологиялық бағыттарды жүйелі түрде дамытып, инновацияларды енгізуге қолайлы орта қалыптастыруда.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен америкалық BETA Technologies компаниясы ақпараттық технологиялар және электрлік авиация саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Келісім пилоттық жобаларды іске асыру және электрлік ұшақтар, озық технологиялар мен интеллектуалды көлік жүйелері саласындағы инновациялық шешімдерді ілгерілету бойынша бірлескен жұмысты көздейді.

«Қазақстан жаңа технологиялық бағыттарды жүйелі түрде дамытып, инновацияларды енгізуге қолайлы орта қалыптастыруда. BETA Technologies компаниясымен ынтымақтастық өңірдегі көшбасшылығымызды нығайтып, „ақылды“ және экологиялық таза көлік шешімдерін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдеміз», — деп атап өтті Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Меморандумға қол қою рәсімі Вашингтонда, C5+1 бизнес-конференциясының аясында өтті. Іс-шара Орталық Азия елдері — АҚШ арасындағы технология және орнықты даму саласындағы серіктестік мәселелерін талқылауға бағытталған.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.