Ұлттық Банк пен Visa Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Тараптар Ұлттық Банктің Ұлттық төлем корпорациясы базасында төлем нарығындағы жаңа инновациялық бастамаларды сынақтан өткізуге арналған Құзырет орталығын құруға ниетті.
Ұлттық Банк Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-тың Вашингтон қаласына жасаған сапары аясында жаһандық төлем жүйесі Visa компаниясымен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа Ұлттық Банкт Төрағасының орынбасары А. Баймағамбетов пен Visa-ның мемлекеттік органдармен өзара байланыс жөніндегі жаһандық бағыт басшысы Р. Б. Томсон қол қойды.
«Меморандум Ұлттық Банк пен Visa арасындағы ұзақ жылдардан келе жатқан байланысты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанның төлем нарығын дамыту бойынша бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған. Тараптардың ортақ ниеті төлем саласын дамытуға ықпал етіп, нарық қатысушыларына тың мүмкіндіктер ашады», — деді Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов.
Тараптар Ұлттық Банктің Ұлттық төлем корпорациясы базасында төлем нарығындағы жаңа инновациялық бастамаларды сынақтан өткізуге арналған Құзырет орталығын құруға ниетті. Соның ішінде цифрлық активтерді пайдалана отырып карта сервистерін апробациялау мен қаржы нарығына қатысушыларға тәжірибеде қандай артықшылықтар беретінін зерделеу бар.
Сонымен қатар, меморандумның басты бағытының бірі — Ұлттық Банктің Антифрод орталығының жұмысын жетілдіру. Қаржы нарығындағы алаяқтыққа қарсы күресті барынша тиімді ету үшін жасанды интеллектке негізделген технологияларды зерттеп, талдау жайы жоспарланып отыр.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.