Следите за новостями

Цифра дня

На 19% вырос рынок виртуальных АТС РК в денежном выражении

    Ұлттық Банк пен Visa Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

    Тараптар Ұлттық Банктің Ұлттық төлем корпорациясы базасында төлем нарығындағы жаңа инновациялық бастамаларды сынақтан өткізуге арналған Құзырет орталығын құруға ниетті.

    7 ноября 2025 15:03, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Ұлттық Банк Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-тың Вашингтон қаласына жасаған сапары аясында жаһандық төлем жүйесі Visa компаниясымен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа Ұлттық Банкт Төрағасының орынбасары А. Баймағамбетов пен Visa-ның мемлекеттік органдармен өзара байланыс жөніндегі жаһандық бағыт басшысы Р. Б. Томсон қол қойды.

    «Меморандум Ұлттық Банк пен Visa арасындағы ұзақ жылдардан келе жатқан байланысты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанның төлем нарығын дамыту бойынша бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған. Тараптардың ортақ ниеті төлем саласын дамытуға ықпал етіп, нарық қатысушыларына тың мүмкіндіктер ашады», — деді Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов.

    Тараптар Ұлттық Банктің Ұлттық төлем корпорациясы базасында төлем нарығындағы жаңа инновациялық бастамаларды сынақтан өткізуге арналған Құзырет орталығын құруға ниетті. Соның ішінде цифрлық активтерді пайдалана отырып карта сервистерін апробациялау мен қаржы нарығына қатысушыларға тәжірибеде қандай артықшылықтар беретінін зерделеу бар.

    Сонымен қатар, меморандумның басты бағытының бірі — Ұлттық Банктің Антифрод орталығының жұмысын жетілдіру. Қаржы нарығындағы алаяқтыққа қарсы күресті барынша тиімді ету үшін жасанды интеллектке негізделген технологияларды зерттеп, талдау жайы жоспарланып отыр.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.