Следите за новостями

Цифра дня

Более 1 трлн тг. — объем оказанных услуг связи в РК в январе-сентябре 2025 г.

    Ұлттық Банктің директорлар кеңесі цифрландыру жобалары мен ішкі инфрақұрылымды дамыту мәселелерін қарады

    Қазақстан Ұлттық Банкі директорлар кеңесінің кезекті отырысы өткенін хабарлайды.

    7 ноября 2025 13:08, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Жиында Ұлттық Банктің Салық есебі саясатына, салық пен әлеуметтік төлемдерді төлеу тәртібіне, сондай-ақ бірқатар ішкі құжатқа енгізілмек өзгертулер мен толықтырулар қаралып, мақұлданды. Сондай-ақ, Директорлар кеңесі бір орталыққа шоғырланған архитектураны дамыту бойынша «Деректер фабрикасы» жобасына қатысты шешім қабылдады.

    Қаралған мәселелер монетарлық реттеушінің ішкі инфрақұрылымын одан әрі дамытуға, қаржы және ақпарат үдерістерін басқаруды барынша тиімді етуге, сондай-ақ цифрландыру саласындағы стратегиялық міндеттерді іске асыруға бағытталған.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.