Қазақстан мен Беларусь премьер-министрлері Astana Hub-қа барды
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов елімізге ресми сапармен келген Беларусь премьер-министрі Александр Турчинмен бірге Astana Hub-қа барды.
Беларусь Республикасының үкіметтік делегациясы Қазақстандағы цифрлық индустриясының дамуы, инновациялық стартаптар және GovTech шешімдерімен танысты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрлық мемлекетті жедел дамыту және экономиканың барлық салаларына инновациялық технологияларды енгізу жөнінде қойған міндеті шеңберінде Үкімет жүйелі жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі таңда Қазақстан БҰҰ-ның онлайн қызметтер индексі бойынша әлемде 10-шы, ал ТМД-да 1-ші орында, сондай-ақ жаһандық электронды үкіметті дамыту индексінде 24-ші орында тұр. Еліміздегі мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы азаматтарға онлайн режимде көрсетіледі.
![]()
Инновациялар үшін тартымды орталыққа айналған Astana Hub алаңында делегация жасанды интеллектіні пайдалану арқылы түрлі салаларда жүзеге асырылатын қазақстандық стартаптармен танысты. Олар — ересектер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Aman, спорттық аналитиканы дамытуда Mirai Tech, пилотсыз ұшу технологиясын әзірлеуде aDrone.kz жобалары. Сондай-ақ білім беруде TrustExam және Codiplay, денсаулық сақтауда Ascle және басқа да салаларда қолданылатын ЖИ-стартаптар ұсынылған. 2024 жылы Қазақстандағы IT-қызметтерінің экспорты 20%-дан астам өсім көрсетіп, $880 млн-нан асты.
Peer-to-peer инновациялық оқыту жүйесі қолданылатын Tomorrow мектебіне барған кезде Қазақстанның жоғары білікті IT мамандарды даярлау бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарына назар аудартылды. Жалпы Қазақстанда 500 мыңға жуық азамат жасанды интеллект негіздерін оқып жатыр.
Одан бөлек, Беларусь премьер-министріне Цифрлық кеңсенің қызметі және Egov Mobile, Egov Business, Smart Data Ukimet, ЖИ-ге негізделген ұлттық платформа мен тағы да басқалардың технологиялық мүмкіндіктері таныстырылды. Олар — халық пен бизнестің ыңғайлылығына, сондай-ақ мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігіне бағытталған.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.