Қазақстанда Үндістанның сот сараптамасы және IT-криминалистика саласындағы топ-университетінің филиалы ашылады
Оқу орнының базасында үшжақты кездесу өтті.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бірлесіп, Үндістандағы сот ғылымдары ұлттық университетінің филиалын ІІМ Басқару академиясы базасында ашу бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр.
![]()
Оқу орнының базасында үшжақты кездесу өтті. Оған ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков және Үндістан Ұлттық сот ғылымдары университетінің өкілі Шри Джадежа қатысты. Кездесу барысында Қазақстанда NFSU филиалын құру мәселелері талқыланды. Оның мақсаты — еліміздің құқық қорғау органдары үшін киберқауіпсіздік, цифрлық криминалистика, сот сараптамасы және қолданбалы қылмыстық тергеу салаларында жоғары білікті мамандар дайындау.
Кездесу қорытындысы бойынша NFSU филиалының ІІМ Академиясы базасында ашылуы және қос дипломдық білім бағдарламаларының іске қосылуы жөнінде келісімге қол қойылды.
Тараптар арасындағы келісімдер аясында кадр даярлау, сондай-ақ бірлескен ғылыми және құқықтық зерттеулерді дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл Қазақстанның Орталық Азиядағы академиялық орталық ретінде дамуына септігін тигізеді.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.