ҚҰБ Басқарма отырысында Ұлттық қордың активтерін басқару мен цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды
Қазақстан Ұлттық Банкі ҚҰБ Басқармасының кезекті отырысы өткенін хабарлайды.
Жиында Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту туралы баяндама тыңдалды. Жобаның негізгі мақсаты — банктер арасындағы төлем операцияларын оңтайландыру, бәсекеге ынталандыру, сондай-ақ барлық нарық қатысушысына бірдей жағдай жасап, мүмкіндік ұсынатын барынша ашық қаржы экожүйені құру.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидалары мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Инвестициялық декларациясына өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер активтерді басқарудың тиімділігі мен кірісін арттыруға бағытталған.
Ұлттық Банк Басқармасының отырысы кезінде цифрлық активтер саласындағы жобаларды жүзеге асыру үшін нарық қатысушыларынан түскен өтінімдер негізінде ҚҰБ реттеушілік сынақ алаңында 5 бағыт бойынша 6 пилоттық жобаны іске қосуға келісім берілді. Бұл — халықаралық криптобиржа мен екінші деңгейлі банктердің бірлескен сервисі. Ол мына бағыттарды қамтиды: цифрлық активтерді сақтауға арналған кастодиан қызметін реттеу; екінші деңгейлі банктермен өзара байланыс орнатып, шетел валютасында стейблкоин шығару; облигация қарыздарындағы үлесті білдіретін цифрлық активтерді (токенделген облигациялар) шығару әрі айналымға енгізу, сондай-ақ жылжымайтын мүлік құқықтарын токендеу. Осылайша, Ұлттық Банктің реттеушілік сынақ алаңындағы цифрлық активтер саласындағы пилоттық жобалардың саны 14-ке жетті.