ҚТЖ-да жасанды интеллект бойынша семинар өтті
ҚТЖ инновациялық залында жасанды интеллект және үлкен тілдік модельдер (LLM) саласындағы заманауи жетістіктерге арналған мамандандырылған семинар өтті.
Іс-шараға «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов, оның орынбасарлары, компания басшылары, филиалдар мен еншілес ұйымдардың, оның ішінде жолаушылар және жүк тасымалы бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ компанияның басқа да өкілдері қатысты.
Семинардың мақсаты — теміржол саласында жасанды интеллектті қолданудың перспективалары мен практикалық аспектілерін зерттеу.
Стэнфорд университетінің ғылым докторы, жаһандық білім беруді қайта құру және жасанды интеллект технологиялары бойынша танымал сарапшы Юнес БенсудаМурри лектор ретінде сөз сөйледі. 1,2 миллионнан астам студентке табиғи тілді өңдеу, нейрондық желілер және машиналық оқыту пәндері бойынша оқытқан ол Coursera халықаралық платформасында сабақ береді. Юнес сонымен қатар білім беру саласы үшін жасанды интеллект негізінде инновациялық шешімдер жасайтын LiveTech.AI компаниясын басқарады. 22 жасында ол Стэнфорд университетінің информатика бойынша ең жас оқытушыларының бірі болды.
Қатысушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын, өндірістік процестерді жеделдету мен ұйымдардың жалпы тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды технологиялар мен құралдар ұсынылды.
Сонымен қатар, семинарда көлік логистикасын жетілдіруге, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға, кідірістер санын азайтуға және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып маршруттарды оңтайландыруға бағытталған инновациялық тәсілдер қарастырылды.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.