Қазақстан алғашқы Alem Crypto Fund цифрлық валюта қорын іске қосты

Қордың басты мақсаты — цифрлық активтерге ұзақ мерзімді инвестиция салып, қаржы резервін қалыптастыру.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Қазақстанда Alem Crypto Fund криптоқоры жұмысын бастады. Қор Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бастамасымен құрылып, Qazaqstan Venture Group басқаруына берілді және Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) экожүйесінде тіркелді.

Қордың басты мақсаты — цифрлық активтерге ұзақ мерзімді инвестиция салып, қаржы резервін қалыптастыру. Болашақта Alem Crypto Fund мемлекеттік жинақтарды басқаруға арналған құралға айналып, еліміздің қаржылық болашағын тиімді басқару мүмкіндігін кеңейте алады.

«Alem Crypto Fund қорының құрылуы — Қазақстандағы цифрлық қаржы саласын дамыту жолындағы маңызды қадам. Біздің мақсатымыз — оны ірі инвесторлар үшін сенімді құралға және мемлекеттік цифрлық резервтердің негізіне айналдыру», — деп атап өтті премьер-министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Қордың стратегиялық серіктесі — Binance Kazakhstan. Ол әлемдегі цифрлық актив экожүйесі саласындағы ірі ойыншы, Binance-тың құрылымына кіретін, жергілікті лицензияланған компания.

Дәл осы Binance Kazakhstan-мен серіктестікте Alem Crypto Fund өзінің алғашқы инвестициясын жүзеге асырып, BNB токенін сатып алды. BNB — бұл BNB Chain желісінің негізгі токені. Ол транзакция жүргізу, комиссия төлеу және желіні басқаруға қатысу үшін қолданылады.

Бүгінде BNB-дің нарықтық капитализациясы 138 миллиард АҚШ долларынан асады. Бұл оны әлемдік нарықтағы ең тұрақты әрі ықпалды цифрлық активтердің біріне айналдырып отыр.

«Binance Kazakhstan компаниясының Alem Crypto Fund қорының стратегиялық серіктесі болғанына қуаныштымыз. Қордың алғашқы цифрлық актив ретінде BNB-ді таңдауы Binance экожүйесіне деген сенімді білдіреді және Қазақстанда криптовалюталардың институционалдық деңгейде мойындалуына жол ашады. Бұл — цифрлық активтер нарығын ашық әрі қауіпсіз ету жолындағы маңызды қадам, мұнда мемлекеттік бастамалар мен жаһандық технологиялар ұлттық экономиканың игілігі үшін бірлесіп жұмыс істейді», — деді Binance Kazakhstan компаниясының бас менеджері Нұрхат Күшімов.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.