Следите за новостями

Цифра дня

132 млрд тг. — объем медиарынка РК, исторический максимум

    Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады

    Президент ЖИ мен цифрлық технологиялар бойынша еңбек ететін білікті мамандар даярлау мәселесіне баса назар аударды.

    30 сентября 2025 09:05, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде ұлттық цифрлық инфрақұрылымды одан әрі өркендету, экономика мен әлеуметтік саланың негізгі бағыттарына жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ азаматтар мен бизнес үшін мемлекеттік цифрлық қызмет көрсетудің сапасын арттыру жөнінде тапсырма берді.

    Президент ЖИ мен цифрлық технологиялар бойынша еңбек ететін білікті мамандар даярлау мәселесіне баса назар аударды. Мемлекет басшысы жоғары технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстанның өңірлік цифрлық хаб ретіндегі орнын нығайту қажеттігін атап өтті.

    Премьер-министрдің орынбасарына Жолдауда белгіленген Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегі басым мақсаттарды нақты іске асыру жүктелді.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.