Следите за новостями

Цифра дня

104 тыс. тг. — стоимость оборудования для Starlink в Казахстане

    Women in Tech Қазақстан бірінші әйелдерге арналған венчурлық қорды іске қосатындығы туралы хабарлады

    Жаңа қор ағымдағы ситуацияны өзгертуге және кәсіпкер әйелдерге капиталға, менторлық қолдауға және халықаралық мүмкіндіктерге қол жеткізуге жол ашады.

    30 сентября 2025 08:30, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Women in Tech Kazakhstan серіктестермен бірлесе отырып, әйелдер негізін құрған стартаптарға инвестициялауға мүмкіндік беретін эксклюзивті мандаты бар алғашқы венчурлық қорды іске қосатындығы туралы хабарлады. Бұл венчурлық индустриядағы гендерлік үйлесімсіздігінің ғаламдық проблемасын шешуге бағытталған Орталық Азия үшін тарихи қадам екендігі анық.

    Ол туралы бүгін Promenade бизнес-орталығында өткен Female Founders & Women in Ventures арнайы кездесуде Қазақстандағы Women in tech басшысы Әсем Болатжан хабарлады. Бастаманы Әсел Тасмағамбетова («Сәби» ЖҚҚ), Жан Қарсыбаев (Big Sky Capital), Лиэн Роберс (She loves tech), Абай Абсамет (Silkroad Angels Club) және Аслан Сұлтанов (White Hill Capital) секілді кездесу қатысушылары мен сарапшылары қолдады.

    Жаңа қор ағымдағы ситуацияны өзгертуге және кәсіпкер әйелдерге капиталға, менторлық қолдауға және халықаралық мүмкіндіктерге қол жеткізуге жол ашады. Қорға кез келген әйел инвестиция салып, Орталық Азиядағы инвестор қатарына қосылады. Заң саласындағы рәсімдер 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

    Қор технологиялық, финтех, креативті және тұрақты жобаларды инвестициялаумен айналысады, ал оның негізгі мақсаты — қаржыландыру ғана емес, әйелдер құрған стартаптарды ары қарай масштабын арттыруға және халықаралық нарықтарда инвестицияларды тартуға арналған экожүйені қалыптастыру.

    Жүргізілген зерттеулердің нәтижелеріне сүйенсек, инвестициялық комитеттердің құрамына ханымдар кірген кезде мұндай стартаптарды қаржыландыру ықтималдылығы екі есе артады екен. Қазақстандағы жаңа қор позитивті динамиканың катализаторына айналып, адал және инклюзивті венчурлық нарықты қалыптастыруға көмектеседі деп болжам жасалынуда.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.