Неміс компаниясы JUMO Қазақстан нарығына шығуды қарастыруда

JUMO – өнеркәсіптік датчиктер мен автоматтандыру саласындағы шешімдердің жетекші өндірушісі.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы Айбол Арғынғазинов неміс компаниясы JUMO GmbH-ның бас операциялық директоры Стеффен Хосфельдпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар компанияның Қазақстан нарығына шығу перспективаларын және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

JUMO — өнеркәсіптік датчиктер мен автоматтандыру саласындағы шешімдердің жетекші өндірушісі. Келіссөздер барысында компания негізгі өнімдерін — температура, қысым, деңгей, шығын және ылғалдылық датчиктерін, сондай-ақ сұйықтықтарды талдау, автоматтандыру және өнеркәсіптік мониторинг технологияларын ұсынды. Бұл шешімдер жылыту және ауаны баптау жүйелерінде, тамақ өнеркәсібінде, жаңартылатын энергетикада және су тазарту саласында қолданылады.

Компания Қазақстан нарығына шығуға қызығушылық білдіріп, Алматы қаласында коммерциялық кеңсе ашу, сату және сервистік қызмет көрсету желісін құру, сондай-ақ өнімді біртіндеп жергіліктендіру жоспарлары туралы хабарлады. Алдағы уақытта JUMO Қазақстанды Орталық Азияға, Кавказға және Моңғолияға экспорттау үшін база ретінде қарастыруда.

Кездесу барысында Айбол Арғынғазинов инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары мен Қазақстанда бизнес жүргізудің артықшылықтарын жан-жақты таныстырып, JUMO компаниясының жобаларына жан-жақты қолдау көрсетілетініне сендірді. Ол өндірісті жергіліктендіру мен сервистік инфрақұрылымды дамытудың жаңа жұмыс орындарын ашып, отандық өнеркәсіптегі технологиялық мәдениеттің өсуіне ықпал ететінін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар JUMO компаниясының Қазақстан нарығына шығу тетіктерін бірлесе пысықтауды жалғастыруға уағдаласты. Серіктестік өндірістік мүмкіндіктерді кеңейтуге, жергілікті құзыреттердің дамуына серпін беруге және елдің өңірлік технологиялық тізбектерге ықпалдасуын нығайтуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.