Следите за новостями

Цифра дня

$495,5 млн — объем выручки на рынке дата-центров в РК в 2025 году

    «KAZAKH INVEST» Microbus компаниясымен Қазақстандағы перспективалы жобаларды талқылады

    Келіссөздер барысында тараптар өндірістік, логистикалық және білім беру функцияларын біріктіретін заманауи K-Smart индустриялық паркін құру мүмкіндіктерін.

    26 сентября 2025 13:05, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек Оңтүстік Кореяның Microbus Co., Ltd. компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Ёнсу О мырзамен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар өндірістік, логистикалық және білім беру функцияларын біріктіретін заманауи K-Smart индустриялық паркін құру мүмкіндіктерін, экспортқа бағытталған электротехника және кабель өнеркәсібін дамыту мәселелерін, сондай-ақ төмен көміртекті энергетика мен су ресурстарын ұтымды пайдалану саласындағы жобаларды талқылады. Аталған бастамаларды іске асыру озық корей технологияларын енгізуге, Қазақстанның өнеркәсіптік базасын кеңейтуге және оны жоғары технологиялық өндірістер үшін аймақтық хаб ретінде нығайтуға мүмкіндік береді.

    Мадияр Сұлтанбек Microbus жобаларының жоғары әлеуетке ие екенін және олардың Қазақстанның өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамыту, экологиялық таза технологияларды енгізу және елдің экспорттық әлеуетін кеңейту жөніндегі басымдықтарына сәйкес келетінін атап өтті.

    Microbus Co., Ltd. директорлар кеңесінің төрағасы Ёнсу О Қазақстанның ұзақмерзімді жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайларға ие екенін атап өтті. Ол компанияның заманауи өндірістік қуаттарды құру мақсатында өз тәжірибесі мен технологияларын пайдалануға ниетті екенін және Қазақстанмен стратегиялық әріптестікке дайын екенін жеткізді.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен Microbus Co., Ltd. Қазақстандағы инфрақұрылым, энергетика және өнеркәсіптік өндіріс салаларында әріптестікті дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.