Цифрлық активтерге қатысты істерді тергеу кезінде жаңа сараптамалық зерттеу қолданылмақ

Еліміздің Сот сараптамалары орталығы зертханалық базаны жаңартумен қатар әдістемелік әлеуетті дамытуды да назардан тыс қалдырмайды.

, Profit.kz

Қазір цифрлық активтердің айналымы мен қаржы ағындарына, сондай-ақ ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлау белгілеріне қатысты объектілерді сараптамалық зерттеу жүргізуге арналған жаңа әдістемелік жобалар әзірленуде. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының директоры Бақытжан Байтілесов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Олардың алғашқысы — цифрлық активтерге қатысты істерді тергеу барысында айналым көлемін белгілеуге, сондай-ақ ақша қаражаты мен олардың баламаларының айналымын анықтауға арналған. Бұл әдістеме цифрландыру жағдайында экономикалық қылмыстарды тергеуде бірыңғай әрі ғылыми негізделген тәсіл үшін принципті маңызға ие.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында киберқылмысқа, оның ішінде кибералаяқтыққа қарсы белсенді күрес жүргізудің қажеттілігін, сондай-ақ осы салада тергеу жүргізетін мемлекеттік органдардың құзыреттерін арттырудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Осыған орай, жаңа әдістеме залалды есептеу дәлдігін едәуір арттырып, соның нәтижесінде істерді сотта қарау кезінде дәлелдемелік базаны нығайтуға мүмкіндік береді», — деп мәлімдеді Орталық басшысы.

Екінші әдістеме ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлау белгілерін қамтитын объектілерге сот-сараптамалық зерттеу жүргізуге бағытталған. Оның енгізілуі мұндай фактілерді бағалаудың объективті құралына айналады. Бұл медиа кеңістіктегі құқық бұзушылықтардың көбеюі жағдайында аса маңызды.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.