Сот сараптамалары орталығы виртуалды аутопсия бойынша жобаның алғашқы нәтижелерін жариялады

Қазақстандағы сот сараптамалары орталығы сот-медициналық практикаға цифрлық технологияларды енгізуде: филиалдардың бірінде виртуалды аутопсия бойынша пилоттық жоба басталды.

, Profit.kz

Жоба аясында салыстырмалы зерттеу жүргізіліп, дәстүрлі аутопсия компьютерлік томографиямен салыстырылды. Нәтижелер бірқатар өлім жағдайы бойынша сараптамалық қорытындылардың толық сәйкестігін көрсетті. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығының директоры Бақытжан Байтілесов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Бұл нәтиже өте маңызды: ол компьютерлік томографияны тек көмекші ретінде ғана емес, сонымен қатар сот-медициналық зерттеулердің балама әдісі ретінде де қолдануға болатындығын көрсетеді. Виртуалды аутопсия қорытындылардың объективтілігі мен сенімділігін сақтай отырып, ең аз араласумен талдауды қамтамасыз етеді. Бұл, әсіресе, дәстүрлі аутопсияны жүргізу қиын немесе әлеуметтік тұрғыдан қажет болған жағдайларда өте маңызды», — деді спикер.

Ол пилоттық жоба бойынша жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті. Кейін оң нәтиже болған және тиісті жабдықты сатып алған жағдайда, бүкіл республика бойынша масштабтау жоспарлануда.

Бақытжан Байтілесов халыққа арналған цифрлық сервистерді дамыту бойынша ақпаратпен бөлісті. Ақылы қызмет көрсетудің электрондық жүйесі онлайн-форматта өзара іс-қимылдың толық циклін қамтамасыз ететіндей қылып құрылған: электрондық өтінім беруден және қызмет құнын есептеуді алудан бастап электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып шарт жасасуға дейін. Қазіргі уақытта ол тестілеу және банк қызметтерімен интеграциялау кезеңінен өтіп жатыр, бұл төлемді халық арасында неғұрлым сұранысқа ие платформалар арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Ақылы қызметтер туралы айта отырып, Сот сараптамалары орталығы жеке және заңды тұлғалар үшін арнайы зерттеулерді тағайындау және сарапшыны маман ретінде тарту бойынша консультациядан бастап 58 атау бойынша арнайы зерттеулер жүргізуге дейін ақылы қызметтердің кең спектрін жүзеге асыратынын атап өткім келеді», — деп қосты ол.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.