Мектептерде жасанды интеллектіні жауапкершілікпен қолдану бойынша оқыту басталды

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы еліміздегі барлық мектеп педагогтеріне арналған оқыту курстарын бастады.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Бағдарламаның негізгі мақсаты — қатысушылардың білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдаланудың қағидаттары туралы түсінігін қалыптастыру, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Оқыту барысында этика мен қауіпсіздік мәселелеріне ерекше мән беріледі: баланың игілігіне басымдық беру, академиялық адалдықты сақтау және дереккөздерді белгілеу, қолданудың заңдылығы мен дербес деректерді қорғау, жас ерекшелігін ескеру мен педагогикалық бақылауды қамтамасыз ету. Сондай-ақ жасанды интеллектінің шектеулері мен алгоритмдік бейтарап еместігінің ықтималдығын да түсіну қажет.

Қатысушыларға негізгі ЖИ-құзыреттер ұсынылады.

Педагог үшін — сабақ мақсатына сәйкес құралдарды негізді таңдау, алынған жауаптарды сыни тұрғыдан бағалау, этикалық және қауіпсіздік нормаларын сақтау, әдістемелерді үнемі жетілдіріп отыру.

Оқушы үшін — жасанды интеллектінің табиғаты мен шектеулерін түсіну, ұсынылған жауапты қабылдау, түзету немесе қабылдамау қабілеті, ықтимал бейтарап еместікті анықтау, академиялық адалдық қағидаттарын ұстану және пәнаралық жобаларға қатысу.

Оқыту материалдары ресми құжаттар негізінде әзірленді:

— «Орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолданудың этикалық стандарттары»;
— «Оқу үдерісінде жасанды интеллектіні этикалық қолдану жөніндегі нұсқаулық».

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы орта білім беру жүйесіне инновациялық тәсілдерді енгізуді жалғастыруда. Академия мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетіп қана қоймай, оқушылардың заманауи технологияларды жауапты әрі саналы қолдану мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіп келеді.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.