Қазақстанда «JOLSHY» бірыңғай дерекқоры іске қосылды
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында автожол саласы мамандарының бірыңғай дерекқоры «JOLSHY» іске қосылды.
Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты әзірлеген жаңа цифрлық сервис кадр тапшылығын шешуге және саладағы басқару ашықтығын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Дерекқор студенттер, түлектер, инженерлер мен басшылар туралы мәліметтерді біріктіреді. Онда мамандардың білімі, еңбек өтілі және біліктілікті арттыру курстарынан өтуі туралы ақпарат сақталады. Қазіргі таңда екі мыңнан астам пайдаланушы тіркелген. Жұмыс берушілер үміткердің нақты кәсіби профилін көре алады, ал студенттер тәжірибеден өтіп, мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап жол саласы қызметкерлері үшін біліктілікті міндетті түрде арттыру талабы енгізіледі. Бұл үдеріс те «JOLSHY» арқылы тіркеледі. Жақын арада дерекқор «e-License» және «Enbek.kz» жүйелерімен біріктірілмек.
Осылайша, «JOLSHY» мемлекеттік саясаттың тиімді құралына айналып, кадр тапшылығын жоюға, ашықтықты арттыруға және автожол саласы мамандарының кәсіби өсуіне жағдай жасайды.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.