Amazon Kuiper спутниктік интернеті Қазақстанда іске қосылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке сапары барысында, Amazon Project Kuiper-дің Қазақстан нарығына ресми кіруін айқындайтын жол картасына қол қойылды.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Құжат Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, «Қазақтелеком» АҚ және Amazon компаниясы арасындағы әріптестікті бекітеді.

Алдағы жылдары еліміздің барлық өңірлерінде, оның ішінде ең шалғай ауылдарда да тұрғындар заманауи спутниктік интернетке қол жеткізетін болады. Amazon Kuiper төмен орбитадағы спутниктердің жаһандық тобын құрауда, енді бұл озық технология Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымының бір бөлігіне айналады.

Amazon Kuiper қызметтерін еліміздің аумағында таратуға және пайдаланушыларға жеткізуге жауапты компания — «Қазақтелеком» АҚ. Бұл — Amazon-ның Орталық Азиядағы осындай ауқымдағы алғашқы инвестициясы.

«Amazon Kuiper-мен жол картасына қол қою — еліміздің цифрлық инфрақұрылымын нығайтып, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтетін маңызды қадам. Келісім Қазақстан азаматтарының өмір сапасына және экономиканың дамуына тікелей ықпал ететін алдыңғы қатарлы спутниктік технологияларға жол ашады», — деді Жаслан Мадиев.

Amazon Kuiper жаһандық қамтуды қамтамасыз ету үшін орбитаға 3 200-ден астам спутник ұшыруды жоспарлап отыр. Қазақстан осы ауқымды жобаға қосылып, жылдам интернетті барша азамат үшін қолжетімді ету жолында маңызды қадам жасады.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.