Следите за новостями

Цифра дня

53% национального рынка IT-услуг приходится на Алматы

    Әлеуметтік-еңбек саласына қатысты 18 мыңнан астам өтінішті ЖИ бар чат-бот өңдеді

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Enbek» цифрлық экожүйесі аясында әлеуметтік-еңбек саласы бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді.

    24 сентября 2025 12:08, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Ағымдағы жылдың сәуір айында азаматтармен кері байланысты жеделдету және операторларға түсетін жүктемені азайту мақсатында интеллектуалды чат-бот іске қосылды. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жасанды интеллект 18,7 мың өтінішті өңдеді, деп хабарлайды ведомствоның өкілі.

    Интеллектуалды чат-бот азаматтар мен байланыс орталығының арасындағы бастапқы өзара әрекетті автоматтандыруға арналған: пайдаланушыларға анықтамалық ақпарат беру, жиі қойылатын сұрақтар бойынша кеңес беру, сондай-ақ қажет болған жағдайда өтініштерді тиісті бөлімдерге жолдау функцияларын орындайды.

    Чат-бот өтініштерді қабылдаудың бірыңғай кіру нүктесі ретінде жұмыс істейді және келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:

    — мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпаратты жедел ұсыну;
    — цифрлық платформаларда бағдар алуға пайдаланушыларға көмек көрсету.

    Жүйеге типтік өтініштерге автоматты түрде жауап беруге мүмкіндік беретін білім қоры жүктелген. Чат-бот қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді, бұл барлық санаттағы пайдаланушыларға ыңғайлы болуын қамтамасыз етеді.

    Чат-ботты енгізу сұраныстарды өңдеу жылдамдығын арттыруға, операторлар жүктемесін азайтуға және азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда мәтіндік және дауыс арқылы берілген өтініштерді қоса алғанда, барлық өтініштердің 96%-ға дейінгі бөлігі жасанды интеллект арқылы автоматты түрде өңделуде.

    Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында цифрландыруды жеделдетуді және жасанды интеллектіні кеңінен енгізуді тапсырған болатын.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.