Қазақстандық колледж студенттері ТМД-да киберқауіпсіздік саласы бойынша үздік танылды
Елордадағы Жоғары политехникалық колледж студенттері киберқауіпсіздік бойынша GO CTF TATARSTAN 2025 II Халықаралық турнирінде І орын алды. Финалға ТМД елдерінің ең мықты 20 командасы қатысты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту
Финалға ТМД елдерінің ең мықты 20 командасы қатысты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. GO CTF бұл XXI ғасырдағы ең сұранысқа ие мамандықтардың бірі — киберқауіпсіздік саласында цифрлық құзыреттерді, командалық жұмысты дамытуға және жас кадрларды даярлауға бағытталған халықаралық чемпионат.
Astana Polytechnic студенттерінің Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы бұл жеңісі қолданбалы мамандықтардың сұранысқа ие, әрі беделді екенін айқындап қана қоймай, қазақстандық жас мамандардың киберқауіпсіздік сияқты алдыңғы қатарлы бағыттарда халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін көрсетті.
«Біздің студенттер жұмысшы мамандықтар қазір тек дәстүрлі салалар ғана емес, сонымен қатар білімді, креативтілікті және командалық еңбекті талап ететін жоғары технологиялық бағыттар екенін дәлелдеді. GO CTF турниріндегі жеңіс — елдің цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа буын мамандарын қалыптастыруға қосқан үлес», — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.