Қазақстандықтар көлік тарихын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы тексере алады

«Көлік тарихы» сервисінің іске қосылуы — азаматтар мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты анағұрлым ыңғайлы, ашық әрі қауіпсіз ететін маңызды қадам.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және олардың сапасын арттыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасына «Көлік тарихы» жаңа сервисін енгізді. Жаңа сервис азаматтарға Қазақстанда тіркелген көлік құралдары туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Мұнда автокөліктің тіркелуі, тыйым салулар мен кепілдіктердің болуы, әкімшілік айыппұлдар, кедендік рәсімдер, утилизациялық алымның төленуі, ерекше белгілер мен берілген техпаспорттар жөніндегі мәліметтер қамтылады.

Бұл мүмкіндік көлікті сатып алу кезінде жасырын мәселелерді алдын ала анықтап, тәуекелдерді азайтуға және автокөліктің заң жүзінде «таза» екеніне көз жеткізуге жағдай жасайды. Сонымен қатар, сервис мәмілелердің ашықтығын арттырып, автонарықтағы алаяқтықтың алдын алуға ықпал етеді.

Ақпарат алу үшін азаматқа көліктің VIN-кодын енгізу жеткілікті. Осылайша, есеп мемлекеттік деректер қорынан алынатын мәліметтердің негізінде нақты уақыт режимінде жасалады.

Маңыздысы, сервис «ЦОН» мобильді қосымшасында (App Store/Google Play) ЖСН мен телефон нөмірі арқылы тіркелгеннен кейін қолжетімді.

Бір тексерістің бағасы — 500 теңге. Сондай-ақ, басқа да тиімді ұсыныстар бар: 10 тексеріс — 4500 теңге, 20 тексеріс — 8000 теңге.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.