Қазақстанда СЭС саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша пилоттық жоба іске қосылады

Пилоттық жобаны іске асыру мерзімі — 12 ай.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп 2026 жылғы қаңтардан бастап цифрлық шешімдердің негізінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында мемлекеттік қызметтерді белсенді көрсету жөніндегі пилоттық жоба іске қосылады. Енді кейбір қызметтер жеке және заңды тұлғалардың тарапынан қосымша өтініштердің қажеттілігінсіз автоматты түрде ұсынылатын болады. Жобаны іске асыру «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесінің базасында өтеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Пилоттық жоба шеңберінде мемлекеттік және жеке ақпараттық жүйелерді қауіпсіз интеграциялау; дербес деректерді сенімді қорғау; азаматтар үшін ыңғайлы және артық қадамдарсыз проактивті форматта қызмет көрсету қарастырылған.

Бұдан басқа, келесі жылдан бастап бірқатар қызметтер «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы қағазсыз форматта жүзеге асырылады. Атап айтқанда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру; жоғары эпидемиологиялық маңызы бар нысандардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру; халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғау аймақтары, шикізаттың, өнімнің жаңа түрлеріне нормативтік құжаттама жобаларының нысандары бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру; патогендік биологиялық агенттермен және оған өнімдермен жұмыс істеуге рұқсат беру.

Цифрлық шешімдерді енгізу мемлекеттік қызметтерді алуды халық үшін тез, ыңғайлы және қолжетімді етеді.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.