Следите за новостями

Цифра дня

27 случаев адм. правонарушений в сфере персональных данных зарегистрировано в РК

    Kazakh Invest Welt Konnect пәкістандық компаниясымен жасыл энергетика және инфрақұрылым саласындағы жобаларды талқылады

    Ол елдің жасыл энергетика мен инфрақұрылым саласында жоғары әлеуетке ие екенін және ұзақ мерзімді инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасалғанын ерекше атап өтті.

    17 сентября 2025 11:05, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек Welt Konnect (Pvt) Ltd. пәкістандық компаниясының бас атқарушы директоры Барристер Хабил Ахмед Ханмен кездесу өткізді. Келіссөз барысында тараптар «жасыл» сутегі, жаңартылатын энергетика, цифрландыру және инфрақұрылымдық жобалар саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Компания Қазақстанда ірі инфрақұрылымдық бастамаларды іске асыруға, жаңартылатын энергетиканы дамытуға, туризмге, жылжымайтын мүлік пен құрылысқа, цифрлық банк құруға және білім беру бағдарламаларына қатысуға қызығушылық танытты.

    Мадияр Сұлтанбек Қазақстанның экономикадағы өңдеуші секторларға жетекші шетелдік компанияларды тартуға мүдделі екенін және бірлескен бастамаларды іске асыруда қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

    «Қазақстан экономикадағы өңдеуші секторларға сапалы инвестиция тарту үшін жағдайды жүйелі түрде жасап келеді. Welt Konnect сияқты компаниялармен ынтымақтастық жасыл энергетика мен инфрақұрылым саласында жаңа бастамаларды іске асыруға және біздің елдеріміз арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», — деді ол.

    Өз кезегінде Барристер Хабил Ахмед Хан Welt Konnect компаниясының Қазақстанды Орталық Азиядағы басым әріптес ретінде қарастыратынын атап өтті. Ол елдің жасыл энергетика мен инфрақұрылым саласында жоғары әлеуетке ие екенін және ұзақ мерзімді инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасалғанын ерекше атап өтті.

    Welt Konnect — штаб-пәтері Исламабадта орналасқан, энергетика және инфрақұрылым саласындағы инжинирингтік және девелоперлік қызметтерге маманданған жеке компания. Компания Пәкістанда, Сауд Арабиясында, Германияда және Қытайда жобаларды жүзеге асырады, орнықты даму, инновациялар және энергетика саласын жаңғырту бағытында жұмыс істейді.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.