Денсаулық сақтау министрлігі ауыл тұрғындары үшін «онлайн медицина» пилоттық жобасын іске қосты

Онлайн медицинаны енгізу денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялаудың маңызды кезеңі болады.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Ауылдық және шалғай өңірлердің тұрғындарын сапалы медициналық көмекке тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Онлайн медицина» пилоттық жобасын іске қосты. Оның басты міндеті — ауыл тұрғындарына білікті бейінді мамандардан қашықтықтан кеңес алуға, онлайн-диагностикадан өтуге, уақтылы емделуге және қажет болған жағдайда пациенттерге қашықтықтан медициналық бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін телемедициналық технологияларды енгізу.

Жоба еліміздің сегіз өңірін — Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын қамтиды. Оған әртүрлі деңгейдегі 100 медициналық ұйым қатысады. Үйлестірушіcі — Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы.

Жоба ауылдық өңірлерде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, консультациялар мен емдеуді күту мерзімін қысқартуға, халықтың денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға және тұрғылықты жеріне қарамастан медициналық қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Онлайн медицинаны енгізу денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялаудың маңызды кезеңі болады. Бұл ауыл тұрғындарына дәрігерлердің кеңестеріне және зерттеп-қарауларға өз ауданынан шықпай-ақ қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.