А. Әлназарова ҚХР делегациясымен денсаулық сақтау саласындағы бірлескен бастамаларды талқылады
Ведомство басшысы Қазақстан мен Қытай тату көршілік, стратегиялық әріптестік және көпжылдық ынтымақтастық қарым-қатынастарын байланыстыратынын атап өтті.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Хуанжан медициналық орталығынан Shanghai Maijieke Investment Management Co., Ltd компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
![]()
Ведомство басшысы Қазақстан мен Қытай тату көршілік, стратегиялық әріптестік және көпжылдық ынтымақтастық қарым-қатынастарын байланыстыратынын атап өтті.
Бүгінгі таңда екі елдің де медицина ғылымын дамытуға, цифрландыруға, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға және инновациялық технологияларды енгізуге ерекше назар аударылуда.
«Біз медициналық жабдықтарды қалпына келтіру және жаһандық сауда бойынша бірегей үлгіні жүзеге асыратын сіздерің компанияңыздың үлкен әлеуетін атап өтеміз. Қазақстан медициналық технологияларды жаңартуға және ұтымды пайдалануға мүдделі және біз сервистік қызмет көрсету және кадрларды даярлау орталықтарын дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды қарауға дайынбыз», — деді министр.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның денсаулық сақтау саласында цифрлық технологияларды қолдану, медициналық жабдықтарды жеткізу, денсаулық сақтау нысандарын салу жөніндегі бірлескен іс-шараларды іске асыру, медициналық қалдықтарды жою бөлігінде Қытай тәжірибесін қолдану және т. б. мәселелерде ынтымақтастықты дамыту ниетін растады.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.