Елордалық мектептің оқу бағдарламасына жасанды интеллект енгізілді

Қазіргі таңда білім беру саласында заманауи технологияларды тиімді пайдалану – уақыт талабы.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Осы бағытта елорданың № 84 мектеп-лицейі көшбасшылар қатарынан көрінуде. 2023 жылдан бастап бұл білім ордасында оқу процесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа бастаманың негізгі мақсаты — білім сапасын арттыру, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру және мұғалімдер мен оқушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.

Мектеп инновацияны енгізуде Google Workspace for Education платформасын таңдады. Бұл орта мұғалімдер мен оқушыларға бірлескен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашады. Google Classroom, Google Docs, Google Sheets, Google Slides, Google Forms секілді құралдар сабақ жоспарын әзірлеуді, тапсырмаларды орындауды және жедел кері байланыс орнатуды жеңілдетуде.

Сонымен қатар оқу процесіне Gemini AI платформасы енгізілді. Жасанды интеллект мұғалімдер үшін бірқатар тиімділік ұсынады: оқу материалдарын әр оқушының жеке қажеттілігіне бейімдеу, автоматты түрде сұрақтар мен тест тапсырмаларын құрастыру, оқушылардың жұмысын әділ әрі жылдам бағалау, сабаққа дайындық уақытын қысқартып, тиімділікті арттыру.

«Жасанды интеллект технологияларын оқу процесіне енгізу — біздің мектеп үшін үлкен жетістік. Бұл қадам мұғалімдердің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, оқушылардың білім алуына жаңа серпін береді.

Ең бастысы — әр баланың жеке қабілеті мен қызығушылығына сай білім алуға жағдай жасалады. Біз оқушыларымызды болашақтың талаптарына сай, жан-жақты дамыған тұлға етіп тәрбиелеуді көздеп отырмыз», — дейді № 84 мектеп-лицейінің директоры Самал Нұғыманова.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.