Сауда министрлігі мен Alibaba электрондық саудадағы жаңа мүмкіндіктерді қарастырды

Ерекше назар биылғы жылы ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Сауда министрлігі арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы Меморандумды іске асыруға аударылды.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

2025 жылғы 4 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігімен Alibaba компаниясының өкілдерімен кездесу өтті, онда электрондық сауданы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің және «Qaztrade» сауда саясатын дамыту орталығының өкілдері қатысты.

Атап өтілгендей, Қазақстан бұл салада тұрақты өсімді көрсетіп отыр: 2024 жылдың қорытындысы бойынша онлайн-сатылымдардың көлемі 3,2 трлн теңгені құрап, бөлшек сауданың жалпы көлемінің 14,1%-ын иеленді.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты тереңдету бағыттарын қарастырды. Атап айтқанда, электрондық сауданы B2B және B2C форматтарында бөлек реттеу мәселелері, сондай-ақ шағын және орта бизнес үшін арнайы B2B-маркетплейс құру перспективалары талқыланды.

Ерекше назар биылғы жылы ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Сауда министрлігі арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы Меморандумды іске асыруға аударылды. Бұл құжат цифрлық экожүйені дамытуға, экспорттық әлеуетті кеңейтуге және шетелдік компанияларды тартуға бағытталған.

Сауда және интеграция министрлігі электрондық сауда саласында ынтымақтастықты дамыту бойынша ашық диалог пен одан әрі бірлескен жұмысқа дайын екендігін растады.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.