Шымкент қаласында жылу желілерін құбыр ішінен роботталған кешен көмегімен диагностикалау пилоттық жобасы сәтті аяқталды
Роботтандырылған құбырішілік диагностика кешені акустикалық резонанс әдісіне негізделген.
Ол болат құбырлардың қалған қалыңдығын анықтауға мүмкіндік береді. Кешен мобильді зертхана, құбыр ішілік инспекциялық құрал және мәліметтерді жинау мен сақтау жүйесінен тұрады. Мәліметтерді өңдеуде жасанды интеллект технологияларын қолданып, ақауларды дәлірек анықтап, оператордың жұмысын жылдамдатады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Құбырішілік диагностикалауға арналған роботтандырылған кешен ЖЭК-ті цифрлық трансформациялау картасына сәйкес, «Жанармай-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» аясында жылу желілерін басқару жүйесіне енгізілуде.
Роботтандырылған құбыр ішілік диагностика кешені келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:
— сканерлеу нәтижелеріне сәйкес болат құбырлардың ақауларын — ішкі және сыртқы коррозияны автоматты түрде анықтау және олардың нақты орналасқан жерін белгілеу;
— пайдалану параметрлерін ескере отырып, болат құбырлардың қалған ресурсын анықтау;
— тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында құбыр желілерін басқарудың болжау (предиктивті) моделін құру, соның нәтижесінде апаттар санын азайту;
— болат құбырлар мен құбыр желілерінің нақты тозу деңгейін ескере отырып, бюджет қаражатын тиімді қайта бөлу.
Жүйе Энергетика министрлігі іске асырып жатқан EnergyTech платформасының құрылымына біріктіріледі. Бұл жүйе жылу желілерін проактивті диагностикалауға, цифрлық техникалық бақылауды енгізуге және апатты азайтуға жағдай жасайды.
Сондай-ақ, жүйені енгізу «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді. Бұл жоба аясында салалық негізгі процестерді цифрландыру және жылу желілерін қайта құру жүзеге асырылуда.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.