Следите за новостями

Цифра дня

На 125,3 млрд тг. оказано услуг связи в июле 2025 года

    Қазпошта Citic Poly Fund, China Logistics және JD.com компанияларымен стратегиялық ынтымақтастықты талқылады

    Кездесулер барысында Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған көлік-логистика саласындағы бірлескен қызметтің болашағы мен стратегиясы талқыланды.

    3 сентября 2025 11:03, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бекежан Жәкеев Қазақстан-қытай іскерлік кеңесінің жұмысына қатысу аясында Citic Poly Fund, China Logistics және JD.com сынды жетекші компаниялардың өкілдерімен келіссөздер жүргізді.

    Кездесулер барысында Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған көлік-логистика саласындағы бірлескен қызметтің болашағы мен стратегиясы талқыланды. Сонымен қатар негізгі назар электрондық коммерция тауарларын жеткізудің жылдамдығы мен тиімділігін арттырудың маңызды факторлары ретінде авиациялық логистика мен тасымал мәселелеріне аударылды.

    Тараптар халықаралық логистикалық тізбектер аясында, атап айтқанда, Орталық Азия мен өзге де шетелдік нарықтарға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мен өзара байланысты нығайтуға бағытталған көпжақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға уағдаласты.

    JD.com логистикалық хабына экскурсия барысында делегацияға соңғы үлгідегі технологиялық шешімдер ұсынылды — салмағы 10 кг-ға дейінгі жөнелтілімдерді жеткізе алатын жаңа буындағы дрондар, биіктігі 20 метрге дейінгі қойма роботтары, олар тапсырыстарды автоматты түрде қабылдап, тауардың орналасқан жерін анықтап, оны тасымалдай алады. Сонымен қатар салмағы 500 кг дейінгі жүктерді қозғалта алатын роботтардан тұратын интеллектуалды көлік жүйелері мен салмағы 1 тоннаға дейінгі ірі габаритті жүктерді тасымалдауға арналған жабдықтар көрсетілді.

    Бекежан Жәкеевтің айтуынша, «Қазпошта» АҚ Еуразия кеңістігіндегі Қазақстанның маңызды логистикалық хаб ретіндегі орнын нығайту мақсатында саладағы халықаралық көшбасшылармен стратегиялық әріптестікті кеңейту бағытын жалғастырып келеді.

    Атап айтқанда, ол бүгінгі Бейжіңдегі кездесулер «Қазпошта» АҚ мен Қытайдың жетекші бизнес өкілдері арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың болашағын талқылауға арналатынын ерекше атап өтті.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.