QazPost пен YTO: ынтымақтастықтың жаңа кезеңі
«Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Бекежан Жәкеев пен YTO Express Group Басқарма төрағасы Ю Вейдзяо мырза серіктестікті тереңдетуге стратегиялық мүдделі екендіктерін растады.
Өткізілген келіссөздерден кейін Қытайдың ірі логистикалық компанияларының бірі, жаһандық логистикалық нарықтағы жетекші ойыншы — YTO Express Group басшысы QazPost-пен бірлесіп Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту мен кеңейтуге белсенді қатысуға және екіжақты жобаларды іске асыруға дайын екенін растады.
Кездесуде тараптар «QazPost — YTO» бірлескен кәсіпорнын дамыту, Орталық Азияға шығу бойынша YTO Express стратегиясын іске асыру және халықаралық транзиттік бағыттарды кеңейту мәселелерін талқылады.
YTO Express Group Басқарма төрағасы Ю Вейдзяо мырза «Қазақстан YTO Express Group жаһандық стратегиясының негізгі буыны ретінде танылғанын, бұл ел экономикасына ауқымды қытайлық инвестицияларға жол ашатынын» атап өтті.
Мысалы, «Қазпошта» АҚ Орталық Азияны Еуропамен және басқа да өңірлермен байланыстыратын орталық логистикалық платформаға айналатын Almaty Sky Hub флагмандық жобасын іске асыруға қатысады, ал «QazPost — YTO» бірлескен кәсіпорнының басшылығы 2025 жылдың соңына дейін көлемді екі есе арттыруға, цифрлық интеграцияны күшейтуге және инфрақұрылымды дамытуға дайын екенін мәлімдеді.
«Жоғары инвестициялық әлеуетінің арқасында Қазақстан өңірдің жетекші логистикалық хабы ретінде беки түсуде. Біздің YTO Express-пен серіктестігіміз ұлттық логистикалық инфрақұрылымды нығайтып қана қоймай, электронды сауданы масштабтаудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Бекежан Жәкеев.
Похожие материалы
Свежие новости
Статьи
Последние фоторепортажи
-
Profit Education Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.
-
Check Point Advantage Astana 2026
Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.
-
Profit Industry & Energy Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.
-
Profit Contact Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.
-
Profit Retail & Finance Day 2026
Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.