Следите за новостями

Цифра дня

На 125,3 млрд тг. оказано услуг связи в июле 2025 года

    QazPost пен YTO: ынтымақтастықтың жаңа кезеңі

    «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Бекежан Жәкеев пен YTO Express Group Басқарма төрағасы Ю Вейдзяо мырза серіктестікті тереңдетуге стратегиялық мүдделі екендіктерін растады.

    3 сентября 2025 10:04, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Өткізілген келіссөздерден кейін Қытайдың ірі логистикалық компанияларының бірі, жаһандық логистикалық нарықтағы жетекші ойыншы — YTO Express Group басшысы QazPost-пен бірлесіп Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту мен кеңейтуге белсенді қатысуға және екіжақты жобаларды іске асыруға дайын екенін растады.

    Кездесуде тараптар «QazPost — YTO» бірлескен кәсіпорнын дамыту, Орталық Азияға шығу бойынша YTO Express стратегиясын іске асыру және халықаралық транзиттік бағыттарды кеңейту мәселелерін талқылады.

    YTO Express Group Басқарма төрағасы Ю Вейдзяо мырза «Қазақстан YTO Express Group жаһандық стратегиясының негізгі буыны ретінде танылғанын, бұл ел экономикасына ауқымды қытайлық инвестицияларға жол ашатынын» атап өтті.

    Мысалы, «Қазпошта» АҚ Орталық Азияны Еуропамен және басқа да өңірлермен байланыстыратын орталық логистикалық платформаға айналатын Almaty Sky Hub флагмандық жобасын іске асыруға қатысады, ал «QazPost — YTO» бірлескен кәсіпорнының басшылығы 2025 жылдың соңына дейін көлемді екі есе арттыруға, цифрлық интеграцияны күшейтуге және инфрақұрылымды дамытуға дайын екенін мәлімдеді.

    «Жоғары инвестициялық әлеуетінің арқасында Қазақстан өңірдің жетекші логистикалық хабы ретінде беки түсуде. Біздің YTO Express-пен серіктестігіміз ұлттық логистикалық инфрақұрылымды нығайтып қана қоймай, электронды сауданы масштабтаудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Бекежан Жәкеев.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.