Следите за новостями

Цифра дня

53% национального рынка IT-услуг приходится на Алматы

    AIX цифрлық қаржы саласындағы маңызды меже – Орталық Азиядағы алғашқы жария Bitcoin ETF листингі туралы хабарлайды

    АХҚО юрисдикциясы аясында жария қор ретінде құрылымдалған бұл өнім бөлшек инвесторларды қоса алғанда, кең ауқымды нарық қатысушыларына ашық.

    13 августа 2025 19:02, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Astana International Exchange Қазақстанда және Орталық Азияда тіркелген алғашқы споттық Bitcoin ETF — Fonte Bitcoin Exchange Traded Fund OEIC PLC (BETF) сауда-саттығының басталғанын қуана хабарлайды.

    Fonte Capital Ltd компаниясы басқаратын BETF қоры инвесторларға активке тікелей иелік етуді талап етпей, биткоин бағасының динамикасын қайталайтын, ашық та қолжетімді құрал ұсынады. АХҚО юрисдикциясы аясында жария қор ретінде құрылымдалған бұл өнім бөлшек инвесторларды қоса алғанда, кең ауқымды нарық қатысушыларына ашық.

    Қор лицензияланған кастодианда сақталатын физикалық биткоинмен қамтамасыз етілген, бұл қауіпсіздікті және операциялық тиімділікті арттырады. Қордың мақсаты — комиссиялар мен алымдар есептелгенге дейін биткоин бағасының өзгерісін барынша дәл қайталау және бәсекеге қабілетті жылдық басқару комиссиясын ұсыну.

    Қордың листингі АХҚО-ның Қазақстанның цифрлық қаржы және инвестициялар орталығы ретіндегі позициясын нығайту жөніндегі стратегиялық мақсатына сай келеді.

    AIX-тің нарықтар және өнімдер жөніндегі басқарушы директоры Біржан Астаев атап өтті: «Қазақстандағы алғашқы споттық Bitcoin ETF-тің дебюті біздің капитал нарығымыздың дамуына жаңа кезең ашады, цифрлық активтерді инвестициялық индустрияның негізгі ағысына шығарады. Бұл — жаһандық инвесторларды Орталық Азиядағы мүмкіндіктермен байланыстыруға, жоғары корпоративтік басқару стандарттары мен нарықтың тұтастығын қамтамасыз етуге деген ұмтылысымыздың дәлелі. Бұл қадам Қазақстанның реттелетін цифрлық қаржы саласында өңірлік жетекші орталыққа айналуына жол ашады».

    Fonte Capital Ltd бас директоры Ержан Мусин атап өтті: «Біз инвесторларға биткоинді портфельдеріне енгізудің ыңғайлы әрі қауіпсіз жолын ұсынамыз, бұл базалық активті сақтау және мұраға қалдырумен байланысты қиындықтарды болдырмайды. Біздің Қор портфельді әртараптандыруға және жаңа қаржы құралдары санатына қол жеткізуге ұмтылатын инвесторлар үшін сұранысқа ие құралға айналады деп сенеміз».

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.