ҚТЖ Сычуань провинциясы мен Чэнду қаласының жетекші логистикалық компанияларымен келіссөздер жүргізді

Қытай тарапы тасымалдау маршруттарын құру үшін жасанды интеллект технологияларын қолданатын цифрлық шешімдерді ұсынды.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов Sichuan Port and Shipping Investment Group Co., Ltd. (SPSI) және Chengdu International Railway Port Investment & Development Co., Ltd. (CIPI) басшылықтарымен келіссөздер жүргізді.

Қазақстан — Синьцзинь (Чэнду, ҚХР) халықаралық өзара іс-қимыл торабын құру перспективалары, сондай-ақ қоймалық инфрақұрылымды дамыту, Қазақстанда астық терминалдары мен агрохабтар салу жөніндегі жобалар талқыланды. Қытай тарапы тасымалдау маршруттарын құру үшін жасанды интеллект технологияларын қолданатын цифрлық шешімдерді ұсынды. Сапар аясында ҚТЖ делегациясы Юньган Синьцзинь теміржол логистикалық паркі мен қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне экспорттаудың негізгі буыны бола алатын SPSI астық терминалының жұмысымен танысты.

CIPI компаниясымен Чэндуда бірлескен құрғақ порт салу және астық жүктерін ауыстырып тиеуге арналған қуаттарды қоса алғанда, терминалдық инфрақұрылымды дамыту мүмкіндіктері қарастырылды. ҚТЖ делегациясы сондай-ақ ауданы 17,6 га CIPI мультимодальды тасымалдауды басқарудың халықаралық орталығына барды. Кешенге 150 мың шаршы метрден астам заманауи қойма үй-жайлары, оның ішінде мамандандырылған температуралық, кедендік және химиялық қоймалар кіреді.

«Қазақстан мен Қытай Азия және Еуропа арасындағы транзиттік тасымалдарды дамытуда шешуші рөл атқарады. Бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру көлік дәліздерінің тиімділігін арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Т.Алдыбергенов.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.