Следите за новостями

Цифра дня

17 тысяч обращений поступило в чат-бот @TazaQazBot

    Astana Hub пен Solana Superteam KZ әріптестік орнатты

    Оқыту блокчейн-әзірлемеде тәжірибесі жоқ адамдарға да лайықталып жасалған және технологияны нөлден бастап үйренуге мүмкіндік береді.

    19 августа 2025 13:00, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Astana Hub және әзірлеушілер мен креативті мамандарды біріктіретін Solana Superteam KZ қауымдастығы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды. Әріптестік әлемдегі ең жылдам блокчейн-платформалардың бірі Solana негізінде Қазақстанда Web3 технологияларын дамыту мен танымал етуге бағытталған. Келісім аясында жақын күндері «Әзірлеушілерге арналған Solana» тегін онлайн-курс басталады. Тіркелу Astana Hub-тың білім беру LMS-платформасында қолжетімді болады. Оқыту блокчейн-әзірлемеде тәжірибесі жоқ адамдарға да лайықталып жасалған және технологияны нөлден бастап үйренуге мүмкіндік береді.

    «Біз Қазақстанда Web3-ке деген қызығушылықтың артып келе жатқанын байқап отырмыз. Solana Superteam KZ-пен әріптестік мамандарды даярлауды жаңа деңгейге көтеретініне сенімдіміз. Бұл әзірлеушілер, студенттер мен кәсіпкерлер үшін келешегі зор салаға бүгіннен бастап қосылу үшін беріліп отырған жақсы мүмкіндік», — деді Astana Hub білім беру бағдарламалары кеңсесінің директоры Алена Славкина.

    Курс барысында қатысушылар Astana Hub-тың білім беру LMS-платформасында тегін оқып, курсты аяқтаған соң сертификат алады, сонымен бірге мықты Web3-комьюнити ішінде тәжірибе алмасып, Solana экожүйесімен кезең-кезеңімен танысу мүмкіндігіне ие болады.

    «Solana — инновациялық өнімдерді әзірлеу мен ауқымдауға бірегей мүмкіндіктер беретін озық блокчейн-экожүйе. Біз Astana Hub-пен бірлесіп Web3 қозғалысына қосылуға ниет білдірушілерге арналған білім беру курсын іске қосатынымыз туралы қуана хабарлаймыз», — деді Solana Superteam KZ басшысы Талғат Досанов.

    Жыл соңына дейін Solana Superteam өз алдына барынша көбірек адамды Web3 негіздеріне үйрету сынды ауқымды мақсат қойып отыр. Аталған базалық модуль өз жолын жаңадан бастаған әзірлеушілерге смарт-келісімшарттардың жұмысын, бағдарламалаудың негіздерін және блокчейн қағидаттарын түсінуге көмектеседі.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.