Астанада анимация бойынша мастер-кластар өтуде

Оқытуға Финляндия, Канада, Франция және Армениядан келген, халықаралық анимация индустриясында тәжірибесі мол мамандар тартылған.

, Profit.kz
Рубрики: Qazaq IT

«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен «Идеядан мультфильмге дейін» атты білім беру бағдарламасын іске қосты. Жоба анимациялық фильм жасаудың негізгі кезеңдерін, идеяны әзірлеуден бастап оны жүзеге асыруға дейінгі процесті қамтиды. Мастер-кластар сериясы аясында қатысушылар сторителлинг пен визуалды баяндауды, анимациялық әлем құруды, қаржылық жоспарлауды және өндірістегі түрлі техника ерекшеліктерін меңгереді.

Бағдарлама 2025 жылғы 28 шілдеден 11 қазанға дейін өтеді. Оқытуға Финляндия, Канада, Франция және Армениядан келген, халықаралық анимация индустриясында тәжірибесі мол мамандар тартылған. Әрбір шақырылған сарапшы жеке тақырыпта дәріс оқиды. Атап айтсақ, питч-дек әзірлеу, драматургия, деректі анимация мен перекладка техникасы үйретіледі. Іс-шара форматы теориялық дәрістер мен практикалық сабақтарды ұштастырады.

Кең аудиторияға арналған онлайн-трансляциялар «Қазақфильмнің» ресми YouTube-арнасында қолжетімді. Жоба Қазақстандағы анимация саласын дамыту және сала мамандарына арналған кәсіби білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылуда.

Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.

Свежие новости

Статьи

Последние фоторепортажи

  • Profit Education Day 2026

    Profit Education Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Education Day 2026, посвященной цифровизации образования в Казахстане.

  • Check Point Advantage Astana 2026

    Check Point Advantage Astana 2026

    Фоторепортаж с конференции по информационной безопасности Check Point Advantage в Казахстане.

  • Profit Industry & Energy Day 2026

    Profit Industry & Energy Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Industry & Energy Day 2026, посвященной цифровизации промышленности и энергетики в Казахстане.

  • Profit Contact Day 2026

    Profit Contact Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Contact Day 2026, посвященной автоматизации контакт-центров и управлению клиентским оаытом в Казахстане.

  • Profit Retail & Finance Day 2026

    Profit Retail & Finance Day 2026

    Фоторепортаж с конференции Profit Retail & Finance Day 2026, посвященной цифровизации ритейла, ТРЦ, банков и финсектора в Казахстане.