Следите за новостями

Цифра дня

89,1% — уровень цифровой грамотности населения РК в возрасте от 6 лет

    Ұлттық ұлан қызметкерлері үшін қызмет орнынан анықтаманы алу енді онлайн түрде қолжетімді

    Енді ІІМ Ұлттық ұланының қызметкерлері eGov.kz порталы арқылы қызмет орнынан анықтаманы онлайн түрде ала алады.

    9 июля 2025 08:09, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Жаңа цифрлық қызмет небәрі бірнеше минут ішінде ресми құжатты рәсімдеуге мүмкіндік береді. Бұл шешім анықтама алу рәсімін айтарлықтай жеңілдетіп, уақытты үнемдейді.

    Қызмет тегін ұсынылады және тек ҚР Ұлттық ұланының қызметтегі әскери қызметшілеріне ғана қолжетімді. Өтінім толтырылған кезде қызметкердің қызмет орны туралы деректер ақпараттық жүйелер арқылы расталса, анықтама автоматты түрде қалыптасады және өтінімнің мәртебе бетінде жүктеу үшін қолжетімді болады.

    Егер өтініш беруші ҚР Ұлттық ұланының қатарында болмаса, жүйе себебін көрсете отырып, бас тарту туралы жауап береді. Құжаттың қолданылу мерзімі — 10 күнтізбелік күн.

    Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР ІІМ Ұлттық ұланының бірлескен жұмысы нәтижесінде іске қосылды.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.